«Қазақстандық Лапландияға»
саяхат

SPUTNIK ҚАЗАҚСТАН
Алға!
Ақмола облысының солтүстігінде ең ірі Ұлттық парктердің бірі "Бурабай" орналасқан. Бұл – еліміздің інжу-маржаны, қазақстандықтардың мақтанышы. Бурабай – қойнауы жұмбақтар мен аңыздарға толы таулы аймақта орналасқан елді-мекен. Мәңгі жасыл ормандар, аспанмен таласқан биік шыңдар кімнің де болсын жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Қарасаң көзің тоймайтын осы бір аумақ Көкшетау қыраты деп аталады, саяхатшылар оны «Қазақстандық Швейцария» деп тамсанады. Сонау 1938 жылы Нью-Йоркте өткен дүние жүзілік конкурста Бурабай әлемдегі ең әсем демалыс орны атанды, ал 2016 жылы жазда ТМД елдеріндегі туристтер ең көп жиналатын курорттардың қатарына енді.
90 күн
Бүкіл қыс айлары
Тұратын орныңыз
Қонақ үйлер, аңшы үйлері мен санаторийлердің алуан түрі
$250
Мәскеу – Астана – Бурабай
Тур күндері: Желтоқсан 20 – Ақпан 28, 2017
Бурабай демалыс аймағындағы «Қазақстандық Лапландия» атты ертегі әлеміне аттанудың ең ыңғайлы жолы Қазақстанның ірі қалаларының біріне ұшып келу, мәселен, Астанаға немесе Алматыға
Ұшақтар кестесі, Астана әуежайы

Болмаса, Петропавл – Астана немесе Астана – Петропавл теміржол желісінде орналасқан Бурабай демалыс орнына теміржолмен сапар шегесіз
Пойыздар кестесі

Сонымен қатар, республика бас қаласы Астана мен Бурабай демалыс орны арасында жедел автомагистраль салынған: такси қызметін пайдалануға немесе жеке тасымалдаушыны жалдауға болады

Демалыс зонасына келген соң үй-жай іздеп әуре болмайсыз: алуан түрлі қонақ үйлер, аңшы үйлері және санаторийлер көп
Borovoe.kz


Қыс басталған шақта қазақстандықтар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл 25 жылдық мерейтойға орай алуан түрлі ірі көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.

Күнтізбе парақтарын әрі қарай аша берсеңіз, көп ұлтты еліміз Сочельник және католиктік Рождество мерекелерін атап өтеді – 24-25 желтоқсан. Сонымен қатар, Кеңес Одағының бұрынғы елдері сияқты қазақстандықтар Жаңа жылды 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні дәстүрлі түрде тойлайды: бұл күні мерекелік дастархан жайылып, әйгілі "оливье" салаты әзірленеді, мемлекет басшысы құттықтау жолдайды.

Жаңа жылдық мерекелер біртіндеп Рождество Христово мейрамына ұласады – 7 қаңтар. Қазақстанда рождестволық бал ашулар кең танымал болып келеді. Жыл сайын "Крещение" мейрамында суға сүңгушілер саны артып келеді, бір қызығы, 19 қаңтарда әр түрлі конфессия өкілдері де суға шомылады.

Қысқы мерекелердің соңғысы – бәріміз жақсы көретін Ғашықтар күні – 14 ақпан. Сүйікті жандарға арналған "валентинкалар", романтикалық кешкі астар, ғашығына шын жүректен сезімін білдіру – көріп отырғаныңыздай, бұл мерекені қазақстандық жанұялар Еуропа тұрғындарынан кем тойламайды
Келуіңізге үш себеп
1. Таза ауа қарағайлы ормандардың хош иісімен тамаша үйлеседі, соның арқасында демалушылардың денсаулығы мен көңілкүйіне оң әсерін тигізеді

2. Бурабайда кезігетін әрбір тау, әрбір дөң, әрбір тас – табиғаттың шебер қолынан шыққан, құпия-аңыздарға толы айрықша ескерткіштер

3. Қазақстан халқының ерекше қасиеті – қонақжайлылық. Қонақтарды құшақ жая қарсы алып, мол дастархан жайып, асты-үстіне түсіп күтуге әрқашан дайын
Ертегі әлемі Лапландияның бір бөлшегі
«Қазақстандық Лапландия» – балаларға арналған ойын-сауық кешен – бүлдіршіндерге ғана емес, ересектерге де естен кетпес қуаныш сыйлайды. Жобаның құрамына Санта-Клаус резиденциясы мен қызықты етіп ойластырылған таңғажайып шытырман оқиғалар кіреді. Санта-Клаустың резиденциясына бару үшін балалар панорамдық Египет пирамидаларын, Тәж-Махалды, сондай-ақ Қазақстанның көрікті жерлерін аралап өтеді. «Лапландияның» өзі Бурабайдың арнайы экономикалық аумағында орналасқан. «Қазақстандық Лапландия» жыл бойы жұмыс істейді, әсіресе қысқы маусым ерекше қызыққа толы. Бұл жерде көк хаскилерді, ит және бұғы шанасын, қар қалашығын көре аласыздар
Сырғанау
Мұнда ит және бұғы шаналарына отырып серуендеуге, шанаға мініп таудан сырғанауға, тау шаңғысымен айналысуға, сонымен қатар «таблеткаларға» отырып алып сырғанауға болады
Толығырақ
Бағалар қымбат емес
«Қазақстандық Лапландия» кешеніне кіру бағасы орта есеппен 3 мыңнан 8 мың теңге аралығында
Эльф атанасыз
Санта-Клаустың өзімен сөйлескіңіз келе ме? Олай болса, Эльф алфавитін меңгеріп, эльфтар мектебінде сиқыр үйренуге болады. Сонымен бірге сүйікті ертегі кейіпкері Сантаға арналған жаңажылдық тілек хатын жаза аласыз
Сіз білесіз бе?
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі мерзімінде кең байтақ Қазақстан аумағына әлемнің 37 елінен туристтер емін-еркін келе алады
Таудан шаңғымен сырғанау
Пікір

Шынарбек Батырханов
Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы
Бұл айрықша жоба 2012 жылы желтоқсанда басталды, балалардың ғана емес, ересектердің де зор сұранысын тудырып отыр. «Қазақстандық Лапландия» ашылғаннан бастап үш ай ішінде 14 мыңнан астам туристтер келді, олар мұндай таңғажайып жайтты күтпеген еді: қазақстандық Швейцария атанып жүрген Бурабайда ертегі әлемі Лапландияның бір бөлшегіне тап болу кімді болсын таң қалдырмай қоймайды. Қонақтар қуанышқа бөленіп, жақсы көңілкүймен кетіп жатады
Казино, казино, казино…
Өзіңізді жолым болғыш жанмын деп санайтын болсаңыз, Бурабайға міндетті түрде келіңіз. «Қазақстандық Лас-Вегас» елдің ең үздік ойын мекемелерін бір жерге топтастырды
Ас-ауқат
Орташа чек: $50
Түскі ас 3 - 5$ аралығында
(ұнататын асхана мен мекеме санатына байланысты)
Бурабайдың кез келген мейрамхана, кафе, асханасында жергілікті шеф-аспаздар сізді міндетті түрде ұлттық тағам – бесбармақпен (түркі тілдес халықтардың дәстүрлі ет-ұн тағамы), жаңа ғана қуырылған хош иісті бауырсақпен және ұлттық тәтті тағамдармен сыйлайды. Жергілікті сусындар қымыз бен айранның да дәмін татып, сусындай аласыз
Бесбармак
Қазақтардың басты ұлттық тағамы – бесбармақ – қайнатылған жылқы немесе қой еті мен соның сорпасына пісірілген жайма. Хош иісті тағам дөңгелек табақпен тартылып, арнайы ғұрыппен дастарханға қойылады
Бауырсақ
Қазақ салт-дәстүріне сай дастарханнан бауырсақ үзілген емес – бұл майға қуырылған дөңгелек немесе төртбұрыш тоқаштар. Бауырсақ – ең тойымды, нәрлі нан тағамы. Шай немесе қымыз ішкен кезде қатар беріледі. Балалар да, ересектер де бауырсақты сүйіп жейді. Бауырсақтың түр-түрі болады – тәтті және тәтті емес, үлкен және кішкене, қызартып қуырылған және жеңіл қуырылған, т. б. Бұл дәмді ас бүкіл қазақстандық жанұяларда әзірленеді
Салт-дәстүрлер
Қазақстанда кез келген астан кейін шай ішіледі. Сүтті немесе сүтсіз шай кішкене кеселерге құйылып беріледі. Шаймен бірге дастарханға түрлі тәтті тағамдар әкелінеді – кәмпит, тәтті тоқаштар, өрік-мейіз, жаңғақ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «інжу-маржаны» туралы
«Бурабай қазірдің өзінде Қазақстанның символына айналған. Елордаға жақын орналасуы мен жақсы автомагистралдің арқасында, соңғы жылдары туристтер саны артып келеді. Жыл бойғы демалыс үшін барлық жағдай жасалуда. Велосипед және серуендеу жолдары ашылған, қыста шана теуіп, атқа мінуге, шаңғымен сырғанауға болады. Мұнда ірі халықаралық шараларды өткізуге барлық мүмкіндік бар»
Дереккөздер: бейнекадрлерді «Арша Астана» ЖШС ұсынған,
суреттер – ҚР Президенті іс басқармасының ресми сайты,
Sputnik Images
Редактор: Әсем Миржекеева
Жетекші: Динара Досмұхаметова
Дизайнер: Айдын Алдангаров
Made on
Tilda