Назарларыңызға қазақстандық ардагер Зейнеолла Байжасаровтың адам сенгісіз оқиғасын ұсынып отырмыз, ол Ұлы Отан соғысының қанды шайқастарына қатысып, аман-есен елге оралған.

Қарағанды қаласынан шыққан қарапайым жігіт 1418 күн бойы қан майданды бастан кешкен. «Сарбаз туралы повесть» атты кітаптың арқасында миллиондаған адамның өмірін қиған соғыс жылдарын қайта еске алуға мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің запастағы полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Аманжол Оразбаев қаһарманның ұлы – запастағы милиция генерал-майоры Болат Байжасаровпен кездейсоқ танысқаннан соң, үш жыл бойы әрбір архивтік құжатты, әрбір естелікті там-тұмдап жинаған екен.

Өкінішке орай, арнайы жобамыздың бас кейіпкері арамызда жоқ.
"Бірақ ол мәңгі жадымызда, ұмытқан емеспіз!"
1
Жігерін осылайша
қайрай түсті
Қайтпас қайсарлық пен рухының беріктігі қаһарманымыздың бала күннен бері бойына сіңген қасиеттері болса керек. Бірінші мамандығын игеру үшін Зейнолла Байжасаров 1930 жылы туған күнін өзгертіп, жасына жас қосып алған екен. Араб тілінде жазған анықтамада оның ойдан шығарылған туған күні 1917 жылғы 7 қарашада деп көрсетілген. Осы анықтама бойынша Зейнолла келер жылы Семейдегі кеңес шаруашылығы техникумына түседі. Бұл анықтама комсомол, партия және әскер қатарына қосылған кезде де қабылданған.
«1933 жылы өңірдегі ашаршылық салдарынан Зейнолла Семейден кетуге мәжбүр болды.

Ол оқуды сәтті аяқтағанымен, белгісіз дерт қол-аяғын сал қылып, жас жігіт алға қойған мақсаттарынан қол үзді», - деп жазылған кітапта.
Туған-туыстары өлім ауызында жатқан Зейнолланы үйге алып кетеді, бар үміттері халық емшісі Елтайға қарату болатын. Емші Зейноллаға құнарлы ас, қымыз ішуге кеңес береді.
Біраз уақыттан соң Зейнолла комсомол қатарына өтеді, кейінірек Халықтық ішкі істер комиссариатының аудандық бөліміне инспектор болып орналасады. 1939 жылы тамызда Зейнолла елдің халықтық қорғаныс комитетіне, Азаматтық соғыстың қаһарманы, Кеңес Одағының маршалы Климент Ефремович Ворошиловқа хат жазып, әскер қатарына шақырылуға өтініш білдіреді. 1940 жылы мамыр айында авиаатқыштар мен радио байланысшылардың мектебін бітірген курсант Байжасаров алғашқы марапаты – «Ворошиловский стрелок» орденін кеудесіне тақты.
2
Ерекше міндет
жүктелген жасақ
«1941 жылы қыркүйек күндерінің бірінде сарбаздарды Мәскеу түбіндегі жерге жинады. Қатарда шамамен 500 адам болатын. Алдарына Старшак есімді ақ шашты майор шықты. «Жолдастар! – деді ол шаршаңқы күйде. –Жау Мәскеуге қарай ентелеп келеді. Отанымыздың астанасына қауіп-қатер төніп тұр. Араларыңда жау тылына барып штабтың ерекше тапсырмаларын орындауға дайын еріктілер болса, өзіммен бірге ала кетем. Негізінен коммунистер мен комсомолдарды аламын. Ниет білдірушілер үш қадам алға бассын»
деп Байжасаров сол күндерді еске алады
Денсаулығы, дене даярлығы, психологиялық төзімділігі, биографиясында «қара дақтардың» жоқтығы мұқият тексерілген қайсар қазақ Батыс шептің ерекше міндет жүктелген жасағының офицері атанды, бұл жасақ Батыс шепті басқарушы әскери генерал Георгий Жуковтің тікелей нұсқауымен құрылған болатын.
Келесі кезең бөлімшені әуе-десанты батальоны ретінде қайта даярлықтан өткізуге арналды. Жуковтың бұйрығымен 294 адамнан тұратын жасақ Мәскеуден 33-әскердің штабы орналасқан Износки ауылына көлікпен жеткізілді. Ол жерде жасақ арнайы даярланған «дәлізден» өтуі тиіс болатын, бірақ күтпеген жайт орын алды.
«1942 жылы 3 ақпанда түнгі сағат екі кезінде Кеңес әскері шебін СС 4-ші полкі бұзуға талпынды, олардың мақсаты біздің тылға өтіп, 33-ші әскер штабын жою, Вязьма қаласын алу үшін шайқасып жатқан әскердің екпінді тобының жарақтандыру жолын кесу еді... Шайқас 17 сағатқа созылды»
делінген кітап беттерінде.
Бұл қанды шайқаста Зейнолла Байжасаров алты фашистің көзін жойып, жарақаттанғанына қарамастан, ауыр жаралы жолдасын оқ астынан алып шықты. Оның бұл ерлігі марапат қағазында жазылған.

Оның жасақтағы қызметі мен Мәскеу үшін шайқасы осылайша аяқталды.

Ерлігі мен батырлығы үшін сержант З. Байжасаров «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
3
Сталинград төбесіндегі дзот
1942 жылы шілде айының соңында 116-шы Забайкальная атқыштар дивизиясы Бас қолбасшының бұйрығымен Сталинград майданына жөнелтілді. Ол кезде Зейнолла Байжасаров офицер болса да, атқыштар ротасын басқарып жүрген еді. 1942 жылы 26 қазанда Сталинград қаласының солтүстік-батыс шетінде жау шабуылы кезінде лейтенант Байжасаров кеудесінен оқ жарақатын алып, сол жақ жауырынының сүйегіне зақым келді.
«25 қазан күні кешке полк командованиесінен алған бұйрық бойынша, менің қол астымдағы төртінші атқыштар ротасы түнде ың-шыңсыз жау қолы ұзақ уақыттан бері тығылып отырған 110 төбесін шабуылмен алып, қосымша күш келгенше бекінуге тиіс болатын. Таңғы сағат сегіздерде жауынгерлік тапсырма орындалды – дзот біздің қолда еді, бірақ кеудемнен оқ жарақатын алған болатынмын (…). Бүкіл ротадан төрт адам ғана аман қалдық. Оның ішінде телефонист екеуміз жаралы болатынбыз, соған қарамастан фашистердің шабуылына дзоттан тойтарыс бердік »
деп еске алушы еді майдангер.
Бірақ жау да шабуылын тоқтатпады. Ардагер көзі тірісінде айтуы бойынша, дзот бұзылған кеңес танкісінің астында жасалынған еді.
«Неміс әскері түнде қорғаныстың үстіне шығып, шылым шегіп: «Руссиш, здавайся. Германия хлеб много, работа мало», - деп айғалайтын»
деп еске алады Байжасаров.
«Жолың болғыш офицер екенсің, - дейді ол, - жүрегің де мықты екен, сондықтан аман қалдың. Енді тамақтануың керек. Қазір медбике тамақ пен 50 грамм спирт әкеліп береді. Саған аздап ішуге болады».
Жарақаты мен көп қан жоғалтқанына қарамастан, Зейнолла жолдасынан Ф-1 гранатасын сұрап алып, үнемі жанында болуын қадағалаған, өйткені фашистерге тұтқынға түскісі келмепті. Содан кейін Зейнолла медсанбатта ғана есін жиған. Палаткаға медбикелер кіріп, екпе салып, дәкесін ауыстырып беріпті. Ал Иванов есімді хирург оған жарылғыш оқтың тигенін айтқан.
Сталинград шайқасы Байжарасов үшін Ульяновск госпиталінде аяқталды. Онда тек кеңес жауынгерлері мен офицерлері ғана емес, сондай-ақ ағылшын және француз ұшқыштары емделген. "Сталинградты қорғау үшін" медалі өз қаһарманын 1944 жылғы мамырда тапты.
4
Курск иінінің Горнилосы
1943 жылғы 5 шілдеде соғыс басталған уақыттан ең ірі шайқастарының бірі Курск иінінде қанат жайды. 1943 жылғы 12 шілдеде лейтенант Байжарасов қызмет атқарған 3-ші гвардиялық танк әскері Орда резервінен Брянск майданын қолбасшысының басшылығына беріледі. Ол қарсыластың Мценск-Волховский және Орловск топтарын талқандауда шешуші рөл атқарды.
Жоғары бас қолбасшы Сталин 3-ші гвардиялық танк әскерінің ұрыс әрекеттеріне жоғары баға беріп, оның жеке құрамына алғыс жариялайды. Бес жарым мыңнан астам жауынгер майдан алаңында көрсеткен ерлік пен батылдық үшін медальдармен марапатталды. Лейтенант Байжанов тікелей тағайындалған 12-ші танк корпусын генерал-майор Митрофан Зинькович басқарды.
5
Жаудың ұясында
Жоғарғы бас қолбасшының ордасы Берлин үшін шешуші шайқаста дайындықты барынша жылдамдатты. Оған үш майдан: 1-ші Георгий Жуков жетекшілік еткен Белоруссиялық – ол орталықта соққы жасауға тиіс болатын; Иван Конев жетекшілік еткен 1-ші Украиналық; Константин Рокоссовский басшылық еткен 2–ші Белоруссиялық майдан қатысуға тиіс болатын.
Қуатты әскерді Гитлер Берлин қаласының іргесіне және фашистердің ұясына шоғырландырды. Сол шайқастар туралы Байжасаровтың (Польшаны азат ету кезіндегі кезекті алған жарақатынан кейін ол аты аңызға айналған 4 орденді 44-ші гвардиялық танк бригадасына түседі) майдандасы Попель өзінің "Бригада "Революционная Монголия" кітабында былай деп жазады:
"Біздің гвардияшылардың аңның ұясына қандай жігерілікпен аттанғанын көрік керек еді! 25 сәуір күні таңертең жау позицияларына мың қару, миномет пен реактивті қондырғыларддың оты жауды, бір жарым мың ұшақ соққы берді. Сол таңда "Революционная Монголия" бригадасының жауынгерлері 1-ші Белоруссиялық және 1-ші Украиналық майдан әскерлері Берлиннің батысында қосылып, осында қорғанып жатқан топты толық қоршап қана алмай, сонымен бірге оны екіге бөлді. Ауыр ұрыстарда бригада күштерін жоғалтып отырды. Жаудан қайтарып алған жердің әр метрінде кеңес жауынгерлерінің қаны төгілді.
Соңғы шайқас міндетін бригада 1 мамырда орындады. Кейіннен ол Тиграртеннің оңтүстік батысына қарай кіріп, осы учаскені қорғаған жау жасағын талқандады. Таңертең гитлерліктер ақ туды лақтырып жіберді. Берлин үшін жауынгерлер мен офицерлердің шайқасы осылай аяқталды.

Бүкіл ел 9 мамыр күні Жеңіс күнін тойлады. Бригадада парад өтті. Дұрыс тізілген шеренгаларда танкистер, жаяу әскерлер, артиллеристер, саперлер, байланысшылар тұрды. Гимнастеркалар мен комбинезндарында ордендер мен медальдер. Құлаған Берлинде жеңіс жорығын аяқтаған танктер тұрды.

Жалпы бригадада ордендер мен медальдермен 7088 адам марапатталған болатын. Берлин операциясының қорытындысы бойынша гвардия аға лейтенанты Байжасаров "Берлинді алу үшін" және "Фашистік Германияны жеңу үшін" медальдерімен марапатталды.
6
Үнсіз шайқас
Бейбіт уақытта Зейнулла Байжасаров сол қорқынышты күндерді есіне алғысы келмейтін, сол кездегі өмірінен естеліктерді аз бөлісетін. Оның балаларының әңгімесінен ғана біз бүгінде ерекше міндет жүктелген жасақта қызмет еткен кезде басынан өткен кейбір жағдайлар туралы айтып бере аламыз.
7
Соңғы сөз
Соғыс жылдары Зейнулла Сүлейменұлы жеті майдан шайқасына қатысқан. Атап айтар болсақ, Орталық, Батыс, Калининский, Сталинград, Воронеж, 1-ші Украиналық және Белорустық шайқаста. Оның майдан жолының әр кезеңі наградалармен – І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен, "Ерлік үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін", "Варшаваны азап еткені үшін", "Берлинді алу үшін", "Германияны жеңу үшін" медальдерімен белгіленген.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақоғай ауылынан шыққан қарапайым жігіт Зейнулла Сүлейменұлы Байжасаровтың өмірбаяны құрметке лайық. Бірнеше рет өлім аузында тұрған ол, рух жігерінің арқасында аман қалды.

Қазақстанның кең даласынан шыққан Байжарасов Отанын Ұлты Отан соғысы жылдары бойы жеті майдан құрамында қорғады. Оның майдан жолының әр кезеңі лайықты наградалармен белгіленді.

Зейнулла Байжарасов 2012 жылы өмірден озды...
Sputnik Қазақстан арнайы жобасын жасауға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Аманжол Зейнуллаұлы Оразбавқа шексіз
алғыс білдіреміз.
© 2017 Sputnik
Барлық құқық қорғалған

АВТОРЛАР
Баубек Коныров, Асем Миржекеева

РЕДАКТОР
Динара Досмухаметова

ДИЗАЙНЕР
Айдын Алдангаров

ОПЕРАТОР
Болат Шайхинов

ЖЕТЕКШІ
Ольга Коваленко
ФОТО / ВИДЕО

Sputnik фотобанкі

Sputnik видеобанкі


ДЕРЕККӨЗДЕР

«Повесть о солдате» кітабы
(Уразбаев А.З., Байжасаров Б.З.)
Made on
Tilda