Семей полигоны
Мәңгі жазылмас жара
27 жылдан соң
1991 жылы 29 тамызда Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды

1949-1989 жылдар аралығында полигонда
456 ядролық сынақ жүргізілді

Барлық жарылыстың қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2500 есе артық болды

Түрлі есептеулерге сүйенсек, Қазақстанда полигондағы сынақтардан 1,5 миллионнан астам адам зардап шеккен

Біз қандай қорқынышты дүние жасадық…

Игорь Курчатов
Кеңестік атом бомбасын жасаушы
Жан төзгісіз азап, қайғы-қасірет пен шексіз кеңістікке тараған жан айқайы. Құдды құлақ тұндыратын жаңғырық бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын шарлап, жел сөнбеген үміттің шаң-тозаңын шыр айналдырып жатқан сыңайлы.

…1945 жылдың тамызы. Хиросима мен Нагасаки атомдық бомбалаудың құрбандарына айналды. Адамзат тарихында алғаш рет ядролық қару халыққа қарсы пайдаланылды. Араға екі жыл салып КСРО-да, Қазақстанда кеңестік ядролық сынақтардың болашақ театры – Семей полигоны пайда болды.

Қырғи-қабақ соғысы дәуірінде пайда болған ол аяусыз қару-жарақ бәсекесінің мекеніне айналды. Кеңес Одағы Америка Құрама Штаттарының "ядролық державаға" айналып бара жатқанын жай ғана бақылап отыра алмады.

Полигонның үні 1991 жылдың 29 тамызында мәңгіге өшті. Алайда Жердің түнерген, "әжім" басқан бетінен өлім үшін жасалған полигонның тарихын еш қиындықсыз оқуға болады.

Қазақстан аумағында іс жүзінде 40 жыл бойы жүргізілген үздіксіз ядролық қару сынағы жерімізге және ұлтымыздың денсаулығына алапат зиянын тигізді. Әлі бірнеше қазақстандық ұрпақ өз денсаулығынан сол қатерлі сынақтардың салдарын сезінетін болады. Әлемдегі басқа бірде-бір ел Қазақстан мен қазақстандықтар сияқты ядролық сынақтан зардап шекпеген шығар, сірә
Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Республикасының президенті
№2 оқу полигоны. Семей полигоны қалай салынды
1946 жылдың 14 қарашасы

Радиоактивті қозғалтқыштар (РДС) сынақтары үшін арнайы полигон салу қажеттігі туралы қаулы қабылданды. Полигонды "Бірінші бас басқарманың таулы станциясы" деп атау тапсырылды.

Ертіс өзені ауданындағы полигон құрылысы үшін таңдалған алаң
1947 жылдың 21 тамызы

Таулы станция КСРО Қарулы күштері министрлігінің қарауына өтіп, №2 Оқу полигоны болып өзгертілді.

Қазақ КСР Министрлер кеңесін 60 км радиустағы шеңбер пішініндегі жалпы аумағы 15 155 км2 жер телімін беруді міндеттеді.

1949 жылдың 29 тамызы

Бұл уақытта полигон үш негізгі элементтен тұрды:

- әкімшілік-тұрғын үй аймағы (М алаңы);

- "Сынақ алаңы" (П алаңы), оған жапсарлас жатқан технологиялық алаңқай мен командалық пункт (Н алаңы) және сынаушылардың қалашығы (А алаңы);

- Семей түбіндегі "Жана-Семей" базалық аэродромы (А алаңы).

Семей маңындағы шөл дала учаскесі елді мекендер мен халық-шаруашылық нысандарының жоқтығынан таңдалды.


Семей полигонын 15 мың құрылысшы небәрі екі жыл ішінде салып бітірді.


Семей полигоны Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары түйіскен жерде 18 500 шаршы шақырым аумақты алды.

Ананың қан жылаған жүрегі, әкенің көз жасы мен қорғансыз балалар – ядролық сынақ құрбандарымен болған кездесу жапон фоторепортері Такаши Моризумидің өмірінде өшпейтін із қалдырды
Онкологиялық аурулар, қатерлі ісік, туа біткен дерттер бірнеше ұрпақтың денсаулығына алапат зардабын тигізді
Соқырлық пен беттегі үрейлі өскіндер – Знаменка ауылында туған Берік Сыздықовты бақытты балалық шақ пен жұрт қатарлы өмірден айырды. Дәрі-дәрмек, операция үстелі мен қараңғылық – туған жеріндегі сынақтардың құрбаны болған жанның тағдыры
Фотограф Такаши Моризуми адамдардың қайғы-қасіреті мен мұңын тек объектив арқылы бейнелеуге дәрмені болғанын жазады. Кеңес уақытында басылымдарға оның суреттерін жариялауға батылдық жетпеді – шындық тым қатал еді. Фотода энцефалит диагнозы қойылған бала
Ядролық сынақтардың зардабы алапат болды, ол әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ
Полигондағы сынақтардың салдарынан ресми түрде 1,3 миллион адам зардап шекті деп танылды
Полигонның үні өшті, бірақ адамдардың жанайқайы тоқтаған жоқ
Кәріпбек Күйіков Семей полигонынан жүз километр жерде дүниеге келіп, ядролық сынақтардың тағы бір құрбаны болды. Ол қолсыз туды, бірақ бұл оған белгілі суретші болуға кедергі болған жоқ. "Атом" жобасының құрметті елшісі күндердің күнінде әлем ядролық қаруды жояды деп армандайды
Left
Right
ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАР ХРОНОЛОГИЯСЫ
1949
1951
1953
1955
1965
1989
1949 жылдың 29 тамызы таңғы сағат 7.00-де
"Тәжірибелік алаң" сынақ алаңында "РДС-1" алғашқы кеңестік атом бомбасы сынақтан өткізілді.

Жарылыс қуаты - 22 килотонна.

Атом бомбасы "арнайы реактивті қозғалтқыш" деп көрсетілді.

Кеңестік атом бомбасының "әкесі" саналатын Игорь Курчатов 1949-1955 жылдар аралығында Семей полигонында жүргізілген сынақтарға жетекшілік етті.
1951 жылдың 18 қазаны
Ядролық авиабомбаны тастау арқылы алғашқы сынақ жүргізілді.
1953 жылдың 12 тамызы

КСРО-дағы ең қуатты жерүсті ядролық жарылыс.

Сутек бомбасы алғаш рет сыналды.

Жарылыстың тротилдік эквиваленті - 400 килотонна.

1953 жылдың 23 тамызы

Алғаш рет қуаты 28 килотонна болатын тактикалық атом бомбасы сынақтан өтті.

1955 жылдың 22 қарашасы
Әуе жарылысы. Екі сатылы термоядролық бомба сыналды.

Қуаты - 1 600 килотонна.

Сынақты Андрей Сахаров пен Юлий Харитон жетекшілік еткен ғалымдар тобы өткізді.
1965 жылдың 15 қаңтары
Шаған және Ащысу өзендерінің қосылған жерінде жасанды су қоймасын жасау мақсатында ұңғымада жүргізілген алғашқы өнеркәсіптік жарылыс.
1989 жылдың 19 қазаны
Семей полигонындағы соңғы жарылыс.
Атмосферада, ғарыш кеңістігі мен су астында ядролық қару сынағына тыйым салу туралы келісімшарт жасалғаннан кейін жерасты сынақтарының саны күрт өсті. Құжатқа КСРО, АҚШ және Ұлыбритания қол қойды.
1991 жылы алғаш рет Атом көлін көрдім. Нысан ауқымы жағынан өте үлкен. Ол жерге полигонда ұзақ жылдар қызмет еткен офицерлермен бірге бардым. Олардың көбі Чернобыльде болған. Ешкім оның қауіпті немесе қауіпсіз екенін айтқан жоқ. Жазда біз осы Атом көлінде шомылдық. Бұл жердің тұрғындары үшін бұл қалыпты жағдай. Сырт көзге біртүрлі көрінетін шығар, бәлкім
Юрий Стрильчук
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік және экология институты ақпараттық-оқу орталығының жетекшісі
1965 жылдың 15 қаңтарында Семей полигоны аумағында Шаған мен Ащысу өзендері тоғысқан жерде алғашқы өнеркәсіптік жарылыс жасалды. Кеңес Одағы АҚШ-тың ізін ала ядролық қаруды бейбіт мақсатта пайдалануды көздеген еді. Бұл көл қуаты 140 килотонна термоядролық жарылыс нәтижесінде пайда болған. Атом көлінің диаметрі - 400 метр, тереңдігі - 100 метр.

Топырақ шығару үшін жасалған алғашқы жарылыс Атом көлі маңындағы 5-6 шақырым жердің ластануына әкеп соқты.
НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ
"Бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың денсаулығы, Жер бетіндегі тіршілік атаулысы үшін ядролық полигондарды жабуды талап етеміз! "

Олжас Сүлейменов, 1989 жыл

1989 жылдың 26 ақпанында қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастаған халықаралық ядролық қаруға қарсы "Невада-Семей" қозғалысы құрылды.

Белсенділердің мақсаты дүниежүзі бойынша полигондарда сынақ өткізуді тоқтатып, планетаны ядролық қарудан тазарту болды.

"Невада-Семей" құрылардың алдында қазақстандық полигонда радиоактивті газдар ауаға таралған еді. 1989 жылы 12 ақпанда болған жарылыстан кейін Курчатов маңындағы Шаған ауылында газ атқылағаны байқалды. Пайда болған радиоактивті бұлт 30 мың адам тұратын аумақты шарпыды. Кейін бұрын-соңды да газдың дәл осылай таралғаны белгілі болды.
Семей партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Кешірім Бозтаев атынан Мәскеуге телеграмма жіберілді. Ол қазақ жерінде сынақ жүргізуді тоқтатуды талап етті.

1989 жылы 19 қазанда болған кезекті жарылыс туралы ТАСС агенттігі жазды. Қазақстандықтар әрі қарай үнсіз қала алмады.

ҚазКСР жоғарғы кеңесінің депутаты болған Сүлейменов 1989 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласындағы Жазушылар Одағы ғимаратының маңында мыңдаған адамға үндеу жолдап, биліктен жантүршігерлік сынақтарды тоқтатуды талап етті.

Жарты жылдан соң 19 қазанда Семей полигонында соңғы жарылыс болып, бұл жерде мәңгілік тыныштық орнады.
Мен Семей қаласына жақын маңда, Шүлбі кентінде тұрдым. Әр жарылыстан кейін шкафтар "жүріп", ыдыс-аяқ құлап, аспалы шамдар билей жөнелетін. Әйелім балаларды алып, көшеге жүгіріп шығатын. Үй "билеп жатады". Семейдің әр отбасында осындай жағдай қайталанды.

Күндердің бір күнінде бұл тоқтауы тиіс еді.

Ананың бастан кешкен азабын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Менің жұбайымның көзіндегі қорқыныш пен үрейді көру керек еді
Сұлтан Қартоев
"Невада — Семей" қозғалысының вице-президенті
Сұлтан Қартоев мүгедек болған полигон құрбандарын көрген кездерін есіне алды. Күн сайын әйелінің көзіндегі қорқынышты көріп келген ол Олжас Сүлейменовтің қозғалыстың бір мүшесі болу туралы шақыртуын бірден қабылдайды.

Белсенділер "Невада-Семей" қозғалысының құрылғанына екі апта толған шақта екі миллионға жуық адамның қолын жинады.
Қарсылық акциялары, ереуілдер, шерулер Қазақстанда ғана емес, Ресей, АҚШ және Жапония елдерінде өтті.

1989 жылы антиядролық қозғалыс жоспарланған 18 жарылыстың 11-іне жол бермеді.

Қарағандының 130 мың шахтері полигон жабылмаған жағдайда ереуілге шығатынын айтты. Олардың шешімін Семей, Павлодар, Жезқазған және Өскемендегі жұмысшылар қолдады.




Мәскеу жерге көмілгенді жаруға рұқсат сұрады. Қайтарымына өңірді дамытуға
6-9 миллиард доллар ұсынды



Сұлтан Қартоев
"Невада — Семей" қозғалысының вице-президенті


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТІЗГІНДЕУ
Қазақстан ақыл-парасат пен оқиғалар логикасына қарсы шығып, көп қасірет тартқан өз жерінде адамзаттың үмітін үзетін аса қауіпті қаруды қалдыруды шешкен жағдайда мемлекет басына қандай саяси, экономикалық, экологиялық және азаматтық апаттардың төнетінін елестетіп көрудің өзі қиын
Нұрсұлтан Назарбаев
"Әлемнің эпицентрі"
Қазақстан Республикасының президенті
Қазақстандықтар асыға күткен Семей полигонына қатысты соңғы нүктені мемлекеттің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қойды.

1991 жылдың басында Қазақстанда жаппай қырып-жою қаруы көп болды:

Континентаралық баллистикалық зымырандарға арналған 1216 ядролық оқтұмсық пен ауыр бомбардирлер үшін ядролық зарядтар.
1991 жылы КСРО басшылығының келісімінсіз полигонды жабу мәселесі талқыланған парламент сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев жауапкершілікті өз мойнына алатынын айтты.

1991 жылы 29 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны жабылды.

Әлем тарихында тұңғыш рет мемлекет өз еркімен ядролық қарудан бас тартты.
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ. КЕЙІНГІ ӨМІР
1992
1993
1994
1995
1996
2000
2009
2012
1992 жылы Лиссабонда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысы стратегиялық қаруды шектеу және қысқарту туралы кеңестік-америкалық келісімнің тараптардың жауапкершілігін нақтылайтын хаттамасына қол қойды.

Бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Қазақстанның жоғарғы кеңесі ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылуды қолдап дауыс берді.
1994 жылы Қазақстан Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды.
1995 жылдың мамыр айында Қазақстан аумағынан ядролық қарулар шығарылып, зымыран қондырғылары жойылды.

Бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.
Қазақстан ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімнің қатысушысы болды.
Семей полигонындағы ядролық сынаққа арналған соңғы ұңғыма жойылды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында Қазақстанның 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау жөніндегі резолюциясы қабылданды.
"АТОМ" (The ATOM Project) жобасы іске қосылды, оның мақсаты - ядролық қару сынақтарын тоқтату үшін әлем халқын бірігуге үндеу.
Полигон аумағының радиоактивті ластануы негізінен атмосферада жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан болды.

Бүгінде полигонда екі із анық көрініп тұр - 1951 жылы 24 қыркүйекте күші 37 килотоннаға жететін және 1953 жылы 12 тамызда 400 килотонна күшке ие жарылыс болды.
Олар жерүсті сынақтар жүргізілген "Сынақ алаңынан" басталып, Қайнар елді мекені (1951 жылғы сынақ) мен Саржал ауылына дейінгі (бірінші термоядролық сынақ) жерді қамтиды.

Оның аумағы шамамен полигон территориясының 10%-ын құрайды. Тағы 10%-ы – шаруашылыққа берілмейтін сынақ алаңдары.
Қалған аумақта радионуклидтердің мөлшері жаһандық түсім деңгейінде болып отыр. Полигоннан тыс және басқа кез келген жердегі деңгейге сай. Бұл жерлердің бір бөлігін халық пайдаланады. Бұл аумақтың экологиялық ахуалы қанағаттанарлық
Юрий Стрильчук
ҚР Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының ақпараттық-оқыту орталығының жетекшісі
Ұлттық ядролық орталықтың мәліметіне сүйенсек, полигонның жалпы аумағының 56,8%-ы кешенді экологиялық тексерістен өткен.

Орталық ғалымдары полигонның 9 863,2 км2 аумағы адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпті емес деген қорытындыға келді. Бұл жерлердің көп бөлігін шаруашылықта пайдалануға болады.

Сынақтың салдарын жою мақсатында "Сынақ алаңы" және "Дегелең" жерлерінің мейлінше ластанған учаскелерінде топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары басталды.

2021 жылы полигонның барлық территориясында кешенді экологиялық зерттеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Сынақ салдарын жою жұмыстарын жалғастыру үшін ластанған жерлер қалпына келтіріледі.

Аталған бағдарлама 9 жылға есептелген.

Полигонда радиоактивті қалдықтарды сақтау үшін арнайы қойма салу көзделген.

Полигон жерін толықтай қалпына келтіру мүмкін емес және мұның қажеті де жоқ, деп есептейді орталық ғалымдары.

Сынақ алаңдары жер қорының құрамында қалады және ол жерге баруға шектеу қойылады.
Курчатов Игорь Васильевич (1903–1960)
Кеңес физигі, КСРО ҒА академигі, КСРО-дағы атом ғылымы мен техникасының негізін салушы, үш мәрте Социалистік Еңбек ері
Харитон Юлий Борисович (1904–1996)
Кеңес физигі, КСРО ҒА академигі. Алғашқы кеңестік атом бомбасын жасаушылардың бірі. Үш мәрте Социалистік Еңбек ері. ССП-дағы алғашқы сынақтарға қатысқан.
Кешірім Бозтаев (1933-1999)
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылында туған. Мамандығы бойынша инженер-металлург. Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың тоқтатылуын талап еткен тұңғыш азамат. Полигонды жабу жолында 1991 жылға дейін үздіксіз күрес жүргізді. Өзі Қазақстан Компартиясы Семей обкомының бірінші хатшысы бола отырып, "Семей – Невада" қозғалысына қолдау көрсетті.
Сүлейменов Олжас Омарұлы (1936–...)
қазақ ақыны, жазушы, қоғам және саясат қайраткері, оны отанында ғаламшар ауқымындағы ойшыл деп айтады. Олжас Сүлейменов "Невада — Семей" халықтық қозғалысын құрады, нәтижесінде алдымен сынақ жүргізуге мораторий қойылады, ал кейін Семей ядролық полигоны жабылады. Сүлейменовтің "Невада — Семей" халықаралық қозғалысының президенті ретіндегі қызметін 2017 жылы Жапония үкіметі атап өтеді.
Қартоев Сұлтан Омарұлы (1955–...)
"Невада — Семей" қозғалысының вице-президенті, коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығының президенті
Сахаров Андрей Дмитриевич (1921–1989)
кеңестік физик-теоретик, алғашқы кеңестік сутек бомбасын әзірлеушілердің бірі. Бастапқы білімді үйде алған, мектепке жетінші сыныптан барған. 1975 жылы "адамдар арасындағы әлемнің іргелі қағидаларын батыл қолдағаны үшін" Нобель сыйлығын алды.
Ядролық жарылыстар тек Семейде ғана емес, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Жезқазғанда да улы ізін қалдырды....

Ұлы дала, өткеннің асқан ауыр қателігін кешіресің бе? Тағы да ант-су ішіп, қайтадан уәде берсе, сенесің бе? Қазақ жері үнсіз. Ұйықтап жатқан секілді...

Енді ешқашан қазақ даласында жарылыс үні шықпасын, еш уақытта қазақ қасіреті қайталанбасын...

ДЕРЕККӨЗДЕР:
Sputnik фотобанкі/ Sputnik видеобанкі
Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы
"Невада-Семей" антиядролық қозғалысы
"Атом" жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков
АВТОР
Айгюзел Қадыр
ЖЕТЕКШІ
Динара Досмұхаметова
РЕДАКТОР
Айымгүл Әбіл
ДИЗАЙНЕР
Айжан Сәрсенова