Құрбандық малын қалай таңдау керек

2018 жылы Құрбан айт 21-23 тамыз аралығында болады.

Құрбан – араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.
Құрбан айттың пайда болу тарихы Құранда жазылған, Ибраһим пайғамбардың өмірімен тығыз байланысты

Құрбан айтта малды қалай таңдау керек?

Қойды ғана емес, түйені, сиырды, ешкіні де құрбандыққа шалуға болады. Мұсылмандардың сенімі бойынша, құрбандыққа шалған жануарлар ақырет күні жұмаққа баруға көмектеседі.
Қой немесе ешкі
жасы:
1 жастан кем емес

бір ғана мұсылманның атынан құрбандыққа шалынады
Сиыр
жасы:
2 жас

1-7 адамның атынан құрбандық шалғанмен тең болады
Түйе
жасы:
5 жастан кем емес

1-7 адамның атынан құрбандық шалғанмен тең болады
Малдың күйлі әрі семіз болғаны абзал.
Құлағының шағын бөлігі (үштен бірінен көп емес) немесе бір тісі жоқ болса құрбандыққа шалуға болады.
Көздері, құйрығы және басқа мүшелері бүтін болуы тиіс.

Құрбандық шалу ережелері
Ер адамның да, әйел адамның да құрбандық шалуына болады.

Қасиетті рәсімді орындау шарты:
1
Мұсылман болуы керек
2
Жолаушы болмауы тиіс
3
Байлығы 85 грамм алтынға тең болуы керек
Құрбан айтта етті қалай бөлу керек?

Шариғат бойынша құрбандық малының етін үшке бөледі:

кедейлерге
достар, көрші-қолаң мен туыстарға
мұсылманның өзіне
Етті түгелдей өз отбасына алып қалу күнәға жатпайды
Құрбандық малының етін мұсылман емес жандарға да беруге болады
Бай адамдарға құрбандық малының етін сатуға тыйым салынады
Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды
Астанада құрбан шалатын орындар
Дереккөз: ҚМДБ
Дизайнер: Айжан Сәрсенова
Редактор: Еркежан Аманбекова
© Sputnik 2018